Әр адамның өмір жолы өзіндік ерекшеліктермен, қиындықтармен және жетістіктермен өріледі. Лепесбаева Марал Ермековнаның өмірі - бұл еңбекқорлық, адалдық және отбасы алдындағы жауапкершілікке толы жол. Оның өмірі көптеген адамдарға үлгі боларлықтай. 1980 жылдың 18 қазанында Ақсу ауданының Жасүгіров кентінде дүниеге келген Марал Ермековна бала кезінен-ақ білім мен ғылымға деген ерекше қызығушылығын көрсетті. 1986-1997 жылдар аралығында Е.Сиқымов атындағы орта мектепті тәмамдап, кейін С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алды. Бұл білім ордасында алған білім мен тәжірибе оның кәсіби жолын айқындап, алдағы өмірінің негізін қалады. Әкесі Лепесбаев Ермек Молдабекұлы – 1958 жылы туылған, жүргізуші болып жұмыс істеген, қазіргі кезде зейнеткер. Анасы Лепесбаева Алмагуль Қалиқызы – 1960 жылы дүниеге келген, бухгалтер болып жұмыс істеген, қазіргі кезде зейнеткер. Ата-анасы Марал Ермековнаның өміріндегі басты ұстаздары мен үлгі тұтарлық тұлғалары болды. Інісі Лепесбаев Балбек Ермекұлы полиция полковнигі ретінде қызмет атқарады. Сіңілім Ермекқызы Самал Қаржы инспекциясында бас маман қызметін атқарады Марал Ермековнаның еңбек жолы облыстық перинаталдық орталықтан басталды. Бұл мекемеде жұмыс істей отырып, ол жаңа өмірдің есігін ашып жатқан сәбилермен жұмыс жасаудың қызығын сезінді. Өзінің кәсіби міндетіне адалдықпен қарай отырып, сәбилердің аман-есен анасымен отбасына оралуына алаңдауды да өз жұмысының бір бөлігі деп санайды. Өз салаңыздың қиындығы мен қызықшылығы туралы айта кетсек, Марал Ермековна жаңа өмірмен жұмыс істеп, әрбір сәбидің аман-есен өсіп-жетілуіне жауапкершілікпен қарайды. Бұл міндеттің қиындықтары мен жауапкершіліктері көп болғанымен, оның қызығы – әрбір жаңа туған сәбидің өмірінің алғашқы қадамдарын көру. Марал Ермековнаның өмірлік ұстанымы – адал жар, аяулы ана және келісті келін болу, сондай-ақ адал қызметкер болу. Оның өмірінде осы ұстанымдарды сақтап, барлық қиындықтарға қарамастан алға басып келеді. Есте сақталған қызықты оқиға ретінде Марал Ермековна өз жұмысында әрбір сәбидің алғашқы тыныс алуы мен ата-анасының қуанышын көруді ерекше еске алады. Бұл сәттер оның жүрегіне мәңгілікке сақталатын ерекше есте қалатын оқиғалар болып табылады. Отбасы – Марал Ермековнаның өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Оның жолдасы Жолдыбаев Жеңіс Хамитұлы, қызы Хамитова Аделия Женисовна және ұлдары Хамит Ақсұлтан мен Жеңісұлы Абдырахман - оның ең үлкен қуанышы мен мақтанышы. Жолдасыма айтар алғысым - Жылаған сәтімде жұбатып, қамқоршыма айналғаныңыз үшін; “жаныма отыршы, сенсіз ас батпайды” деп үнемі еркелетіп отырғаныңыз үшін; менің кемшілігімді жасырып, мерейімді үстем еткеніңіз үшін; мені, балаларды қуанту үшін бар жағдайды жасағаныңыз үшін; соңғы деміміз біткенге дейін бірге болуды қалайтыныңыз үшін; отбасы үшін күні-түні демей еңбек етуге әзірлігіңіз үшін; бақытты отбасы болуға барынша талпынатыңыз үшін; ер-азаматқа сай барлық жақсы қасиеттер бойыңызда табылғаны үшін; менің салиқалы әйел болуымды Алладан сұрайтыныңыз үшін; Алланы, қиямет күнін әрдайым есіме салатыныңыз үшін; жақсы уағыздар айтып, ізгілікке үндейтініңіз үшін; имандылық дейтін ең бағалы қасиеттің иесі болғаныңыз үшін; өзіңізге өзімнен артық сендіре алғаныңыз үшін; екеуміз екі дене, жанымыз бір деген ұраныңыз үшін сізге алғысым шексіз. Марал Ермековнаның алға қойған мақсаты мен жоспарлары – отбасының амандығы мен бақыты, сонымен қатар кәсіби салада үздік болуға ұмтылу. Оның өмір жолы көпшілікке үлгі боларлықтай, еңбекқорлықтың және отбасы алдындағы жауапкершіліктің адамды үлкен жетістіктерге жетелейтінін көрсетеді.