Құрметті тұлғалар! Бұл портал – менің кәсіптік саладағы бес жылдық еңбегімнің жемісі. Алғаш рет "Алтын Адам" кітабын 2021 жылы жарыққа шығардым. Бұл салаға келуіме себеп – атамның өмірбаянының ұмыт қалмауы болды. Ол – елге еңбегі сіңген, мектеп директоры болған Абжалұлы Арапбай еді. Оның өмір жолы, еңбегі кейінгі ұрпаққа мұра болып қалуға лайық деп есептедім. 2021 жылдың қаңтарында менің жобама сенім білдірген 60 тұлға өз өмірбаянын "Алтын Адам" кітабына жариялады. Бұл азаматтарға алғысым шексіз! Олардың өмір жолы "Алтын Адам" кітабының беттерінде мәңгі сақталатын болады. 2020 жылдың соңында Қызылорда қаласында "Алтын Мұра" баспа үйінің негізі қаланып, 2021 жылдың қаңтарында алғашқы "Алтын Адам" кітабы жарық көрді. Сол кезде Altynmura.kz порталы іске қосылды. 2022 жылы "Алтын Еңбек" төсбелгісі мен "Елеулі Еңбек" журналы "Алтын Адам" кітабымен бірге шығарылып, жаңа деңгейге көтерілді. 2023 жылы компаниямыз Алматы қаласына көшіп, тұлғаларымызға "Алтын Адам" эксклюзивті сағаттары ұсыныла бастады. Біздің сағаттарымыз, журналымыз және кітаптарымыз тек порталға енген тұлғаларға ғана беріледі. Сағаттарымыздың басты ерекшелігі – жоғары сапасы мен тұлға есімі жазылған жеке үлгіде жасалуы. Барлық өнімдеріміз – Қазақстанда жасалған. 2024 жылы біздің қызметімізге Денсаулық сақтау және Оқу ағарту министрліктері қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. 2025 жылдың ақпан айынан бастап өз бағдарламалау дағдыларымды жетілдіріп, Altynmura.kz порталында өмірбаяныңызды автоматты түрде жазып, жариялайтын жасанды интеллект жүйесін ойлап таптым. Енді сіздердің мақалаларыңыз тегін жазылып, мәңгі сақталатын болады. Сонымен қатар, порталға өмірбаяныңыз жарияланған соң, сіз "Алтын Адам" сағатын, "Алтын Адам" кітабын және "Елеулі Еңбек" журналын тапсырыс бере аласыз. Төменде байланыс нөмірімді қалдырамын. Кез келген сұраныстарыңыз бойынша жеке хабарласуыңызға болады.
Құрметпен, "Алтын Мұра" баспа үйінің бас директоры Жанболат Нұрдәулет Ерболұлы
Байланыс номерім 8 (700) 961 10 68